ЖСДП мәжіліс және мәслихат сайлауына қатысатынын мәлімдеді

Ел арасында «партияны билік басқарады» деген пікір бар


02/02/2023
16:42 21639 0

 Фото: Ашық дереккөзден

 

Өзін елдегі жалғыз «оппозициялық партия» санайтын Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы 2 ақпанда құрылтайын өткізді. Сьезде партияның 19 наурызда өтетін мәжіліс және мәслихат сайлауына қатысу туралы шешім қабылданды. 

 

– Қазақстан маңызды трансформацияларды бастан өткеріп жатыр. Халық үшін маңызды кезеңде елдегі жалғыз оппозициялық партия ретінде шет қала алмаймыз, – деді партия жетекшісі Асхат Рахымжанов.

 

Мәжіліс сайлауына партиялық тізім бойынша 1адам, мажоритарлық тізім бойынша 6 адам сайлауға түспек. Мәслихат сайлауына партияның тізімі әлі дейін емес. 

 

2021 жылы өткен парламент сайлауына ЖСДП бойкот жариялаған. Ел арасында «партияны билік басқарады» деген пікір бар. Партия мүшелері бұны жоққа шығарады. 

 

2022 жылы президент сайлауына ЖСДП атынан Нұрлан Әуесбаев түскен. Ол 2,17 пайыз дауыс алған. 

Поделиться

Нет комментариев.

02/02/2023 16:42
21639 0

Уведомление